Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 12.07.2023
Кір-қоңның суы табиғатты ластап жатыр. Түркістан облысындағы қоғамдық моншалардан шыққан сарқынды жайылым мен егістік алқаптарға жайылуда. Көне шаһар іргесіндегі жер астынан шығатын ыстық судың үстіне кәсіпкерлер жаппай монша салып тастаған. Бірақ термалды судан пайда тауып жатқандардың бірде-бірі лас суды сүзгіден өткізетін қондырғы орнатпаған. Шайынды кәріз жүйесіне емес, далаға ағып жатыр. Жайылымға жеткен сабынды суды мал ішіп, ауру тарап жатыр дейді тұрғындар. Қоршаған ортаны бүлдірген бизнес өкілдеріне экологтар ескерту жасап, сүзгі орнатуды айтыпты. Бірақ оған ешкім құлақ аспай отыр. Ал жер астынан шыққан ыстық суды пайдаланып жатқан монша қожайындарында рұқсат қағазы да жоқ көрінеді.
Әбибулла Қоңырбаев, Түркістан облысы экология департаментінің бөлім басшысы: - Сабын су негізінен егістік жерге жайылған кезде тазалаудан өтпегеннен кейін, яғни тотығу процесінен өтпегеннен кейін бұл топырақтың құнарын құртады, біріншіден. Екіншіден, топырақтың құнарын құртып, өсімдіктердің тамырына баратын оттегі жетіспеушілігіне әкеледі. Олай болатын болса, бұл жердегі топырақ құнарсызданып, бұл жер жарамсыз боп қалады деген қауіп бар, тақырға айналуы мүмкін.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.9%
БАҚ
14.4%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5678
дауыс мұрағаты