Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.07.2023
Шымкент қаласында мердігер мекемелер су және кәріз желілерінің тозған бөліктерін ауыстырып, қайта құру жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстарға негізгі тапсырыс беруші - "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-гі. Желілерді ауыстыру және ондағы ықтимал апаттылығы жоғары жерлерде және коммуникация жүйелері пайдалану мерзімі белгіленгеннен асып кеткен орындарда қолға алынған. Айбергенов өткеліндегі ескі шойын құбырларды мердігер «Айтжан А» ЖШС жаңа полиэтиленді құбырларға алмастырды. Диаметрі 100 мм-лі су құбырының ұзындығы 650 метрді құрайды. Жоба құны 16 млн. теңге. Қайта құру жұмыстары Шымкенттің басқа тұрғын алаптарында да қолға алынған. Бұл жұмыстардың барлығы 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында жүргізілуде. Желілерді жаңарту, қайта құру, жөндеу барысы қоғам белсенділері мен кәсіпорын жауаптыларының назарында. Айбергенов өткеліндегі құбырларды алмастыру, қазылған орындарды қалпына келтіру жұмысын қаладағы тариф саясаты мәселесі жөніндегі Кеңестің ймақтық комиссия өкілі, қоғам белсендісі Ибрахим Әлсерке арнайы барып көрді. «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасының іске асырылуына оң бағасын беріп, қолдайтынын білдірді.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты