русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 13.07.2023

Самал-3 шағынауданындағы Шұбаркөл көшесінде қауіпті жағдай туындады. Осындағы 6 үйдің жеке су есептегіштері орналасқан құдыққа кәріз ағыны құйылып жатыр. Құдық ағынды суға толып қалған. Дилерлік компания өкілдерінің айтуынша, кәріз ағыны құдыққа бір үйдің септигінен құйылуда. Үйдің кәрізі мен ағынды суы жиналатын септик тиісті талаптарға, нормаларға сәйкес еместігінен болуы мүмкін. Ал, су шаруашылығы қызметін есепке алу жөніндегі инспекторлар су есептегіштен көрсеткішті ала алмай отыр. Ол аз дегендей, құйылған ағынды судың сантехникалық жүйеге түсіп кету қаупі бар. Яғни, бұл жәйт Шұбаркөл көшесі тұрғындарының денсаулығына зиян тигізері анық. Септиктің иесі болса, өзі салған құдықтан ағынды суды сорып шығару керектігін түсінгісі келмейді. Аталған көше бойымен орталық кәріз желісі де жүргізілген, оған қосылу ниеті де жоқ. Осы жағдай бойынша тиісті материалдар нақты шаралар қабылдау үшін "Су құбыры мен кәрізді басқару" МКК-на беріледі.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары