Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 16.07.2023
Таңертең және кешке 4 сағат қана беріледі. Жағдайдың күрделене түсуі күннің ысуына да байланысты екен. Судың өшірілетін туралы ескертілген. Себебі, 35 градус ыстықта адамдар қор жианп үлгеруі керек. Теміртау - су қоймасындағы қала, бірақ ол техникалық су болғандықтан, металлургия комбинатының қажеттіліктері үшін салынған. Ауыз су жерасты көздерінен және Ертістен Қарағанды арқылы Сәтбаев атындағы канал арқылы тартылады. Облыс орталығынан металлургтер қаласына дейін 27 шақырым құбыр бар. Бұл желі бүгінде мүлдем жарамсыз күйде. 1983 жылы салынған құбыр осы уақытқа дейін күрделі жөндеуді өтпеген. Осы бөліктің өзінде 8 апатты учаске бар. Күн сайын 1 бригада барып, тесіктерді жамап, жөндеу жүргізеді. Тозған құбыр арқылы суды толық көлемде жіберу өте қиын, апаттар көбейді. Ол күннің ысуынан ғана емес, желінің жарамсыздығынан. Тіпті, Теміртаудағы үйлерге берілетін ыстық су да өшірілді. Қалалық резервуарларды толтырып үлгере алмай жатыр. Биыл апатты құбырдың тек 5 шақырымы жөнделеді. Қалаішілік желілер мен сорғылардың бір бөлігі аздап реттеліп жатыр.Қала тұрғындарына қордағы су жіберілуде. Оның өзі де қиындықпен. Кейбір шағын сүзгі станцияларында су қоры әлі таусылған жоқ. Зірге сол құүтқарып тұр. Металлург күніне орай суды шектеусіз беру жоспарланып отыр. Бұл дата демалыс күндері аталып өтіледі. Ал мерекеден кейін тағы да шектеулер болуы ғажап емес. Мәселенің қашан шешілетінін ешкім болжай алмайды.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.9%
БАҚ
14.4%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5678
дауыс мұрағаты