Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.07.2023
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-гінің тапсырысымен Шымкент қаласында мердігер мекемелер су және кәріз желілерінің тозған бөліктерін ауыстырып, қайта құру жұмыстарын жүргізуде. Желілерді ауыстыру ықтимал апаттылығы жоғары жерлерде және коммуникация жүйелері пайдалану мерзімі белгіленгеннен асып кеткен орындарда қолға алынған. Қазыбек би көшесіндегі ескі шойын құбырларды мердігер «Отау Строй Проект» ЖШС жаңа полиэтиленді құбырларға алмастырып жатыр. Диаметрі 160 мм-лі орталық су құбырының ұзындығы 720 метрді құрайды. Жоба құны 37 млн. теңге.
Сабит Мұратов «Отау Строй Проект»
ЖШС директорының міндетін атқарушы
Центральный құбыр – 160 ммлік,
ал әр көшеде әртүрлі, 50, 60, 40 мм-лі құбырлар уличный водомерге дейін
алмастырылады. Сапалы құбырларға.
Бұл жерде жол бойы қазылмайды,
тек құдықтардың жаны тесіліп, сол жерден алмастырылады. Барлығы 9 құдық бар.
Қайта құру жұмыстары маусым айында басталған, тамыз айында аяқталады. Қайта
құру жұмыстары "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-гінің 2023 жылға
арналған инвестициялық бағдарламасы аясында жүргізілуде. Желілерді жаңарту,
қайта құру, жөндеу барысы қоғам белсенділері мен кәсіпорын жауаптыларының
назарында. Қазыбек би көшесіндегі құбырларды алмастыру, қазылған орындарды
қалпына келтіру жұмысын қаладағы тариф саясаты мәселесі жөніндегі Кеңестің Аймақтық
комиссия өкілі, қоғам белсендісі Бахтияр Аталықов арнайы барып көрді. Кәсіпорынның
инвестициялық бағдарламасының іске асырылуына оң бағасын беріп, қолдайтынын
білдірді.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты