Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 17.07.2023
Бұл - Қарағанды облысындағы төрт мыңнан астам тұрғыны бар елді мекен. Жұртшылық «бау-бақша суарып, тұрмыстық қажеттілігімізді қамти алмай қалдық»,- дейді. Ал жауапты мекеме өкілдері, құбырдағы апат салдарынан болған уақытша қолайсыздық екенін айтады.
Жауаптылар болса «ауызсудың құбырын орталық кәріз жүйесін салып жатқандар тесіп кеткен», - дейді. Содан резервуардағы бар су ағып кетіпті. Жазда суға сұраныс көп болған соң, ол әлі толып болмай жатыр. Дубовка ауылдық округінің әкімі жаңа су сорғыш алғанын айтады. Енді жағдай жөнделеді деп отыр. Ауылда негізі 4 ұңғыма бар. Қыста 4 мың адамды сумен қамту үшін соның тек біреуі жұмыс істейді. Ал жазда төртеуінің де қуаты жетпей қалады екен. Сондықтан мамандар су сорғыш мәселені толық шешеді деп сендірді.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.9%
БАҚ
14.4%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5678
дауыс мұрағаты