Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 24.07.2023
Алматы облысындағы Шалкөде ауылында ауызсу жеткіліксіз, деп хабарлайды «Хабар 24».Тұрғындар тіршілік нәрін тасып ішуге мәжбүр. 2 жыл бұрын ауылға орталықтандырылған су құбыры тартылған. Бірақ мердігердің жауапсыздығынан құрылыс аяқсыз қалған еді. Биыл ол қайта жанданды. Шалкөде ауылының әр көшесінде суағар бар. Су сарылдап ағып тұр. Орталықтандырылған су жүйесі болмағандықтан, тұрғындар суды көшеден тасиды. Көп жылдан бері «құмған алып, суға баратын» жұрттың бойы бұған үйреніп қалды. Дегенмен қарияларға қиын. Күнделікті тұрмыста сусыз еш шаруа бітпейді. «Су тасу машақатынан қашан құтыламыз?», - дейді ауылдықтар.
Су құбыры ауыл көшелеріне 2 жыл бұрын тартылған. Бірақ содан бері тіршілік нәрі жоқ. Себебі су жинайтын нысанның құрылысы аяқсыз қалды. Бұған жауапты мекеме міндетін дұрыс атқармай, үйлерге бір тамшы да су жеткен жоқ. Аудан басшылығы болса кемшілік жойылып, мәселе шешімін табады деп отыр.

дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
32.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.4%
БАҚ
14.8%
Басқа
15.6%
барлық дауыс: 6173
дауыс мұрағаты