Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 25.07.2023
САМАЛ-3 ШАҒЫНАУДАНЫНДА 4 МЫҢНАН АСТАМ АБОНЕНТ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ
Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында Самал-3 шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары пысықталды. Күні кеше аталған елдімекенді аралау кезінде М.Дүйсенбекұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, жол құрылысы барысын тексерген болатын. Бүгінгі жиында шағынауданды аралау кезінде анықталған өзекті мәселелер мен халықтың талап-тілегі талқыланып, шешу жолдары ұсынылды.
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен аталған мекен жайда 2021 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, өткен 2022 жылдың соңында қолданысқа берілген. Қазіргі таңда мамандар тұрғындар арасында кәріз жүйесіне қосу бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жоба бойынша канализациялық желілердің ұзындығы 37,3 шақырымды құрайды. Нысан 4 мыңнан астам абонентті орталықтандырылған желіге қосуға мүмкіндік береді.
«Тұрғындардың көпшілігі жол салынып болған соң кәріз тартуға өтініш береді. Сондықтан, мен жол құрылысын инженерлік желілер толық тартылған соң бастауды ескерттім. Бұл ретте абоненттерді қолайлы бағада канализациялық желіге қосуды ұсыну қажет. Жауын-шашында су басу қаупі туындамас үшін ирригациялық жүйелердің де талапқа сай жүргізілуін бақылаңыздар» - деді қала әкімі.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға тұрғындар арасында кәріз жүйесінің тиімділігін түсіндіре отырып, халыққа қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ жол және инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысын жүргізуде тиісті басқармалардың жұмысын үйлестіруді ескертті.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.9%
БАҚ
14.4%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5677
дауыс мұрағаты