Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 01.08.2023
Шымкент әкімі тазарту құрылыстарының кешенін аралады
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық ағынды суларды
тазарту кешенін аралады. Ол тәулігіне 50
мың текше метр ағынды суларды өңдеуге арналған қосымша қуатты нысан салу
бойынша жұмыстардың барысымен танысты.
Мұрат Әйтенов нысан құрылысын 2023 жылдың қаңтарында бастуға
пәрмен берген болатын. Қазіргі
уақытта қазба жұмыстары аяқталды, бастапқы және қайталама тұндырғыштарға
арналған шұңқырларды арматуралау және бетондау жүргізілуде. Осыдан кейін
технологиялық тізбек бойынша қондырғылар орнатылады. Жалпы, жұмыс 2 жылға
есептелген.
Тазарту құрылыстары кешенінің қуатын кеңейту "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-ң инвестициялық бағдарламасына кіреді. Жобаның
құны-3,5 млрд. теңге. Құрылысқа арналған қаражаттың бір бөлігі Евразиялық Қайта
құру және Даму Банкінінен ал тағы бір бөлігі – мемлекеттік субсидиялар.
Қалалық тазарту кешенінің жұмыс істеп тұрған қуаты,
тәулігіне 150 мың текше метр ағынды суларды өңдеуде. Көктем мен күз айларында
еріген және жаңбыр суларын қоса алғанда, шамамен 160-170 мың текше метр түседі.
Тазарту қондырғыларына әсер ететін тағы бір фактор -
тұтынушылар санының өсуі. Бас жоспарға сәйкес қаланың солтүстік бөлігінде көп
қабатты шағын аудандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде және оларға кәріз
жүйесі қажет.
2023 жылы бюджет есебінен салынған кәріз желілеріне барлығы
41 мың жеке үйді қосу жоспарлануда. Бұл тұрғын үйлер алабы: Самал-1, Самал-2,
Солтүстік-Батыс, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Оңтүстік шағын ауданы және Қаратөбе.
Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, халық пен өндірістік
кәсіпорындарының одан әрі өсуіне байланысты ағынды суларды тазарту кешеніне
қосымша жаңа нысан қазірдің өзінде
қажет.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты