Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.08.2023
Жануарлар қанын қалалық канализацияға төгілуіне жол
берілмейді
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәріз желілеріне
қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері жануарлардың қанын қалалық коллекторға
тастауға әрекет жасау фактісін анықтады. Шамамен 10 текше метр қан, ассенизатор
машинасы Сайрам ауданында орналасқан мал сою пункттерінің бірінен алынған.
Осыдан кейін көлік жүргізушісі қанды
Шымкент қаласының канализациясына ағызуға әрекеттенген. Алайда, ол мұны
істей алмады, мұндай фактілерді анықтау үшін арнайы түнгі айналма жолдарды
бақылау жасайтын "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлері бұл
әрекетке жол бермеді. Қазіргі уақытта зертханалық зерттеулер жүргізілуде. Көлік
иесіне "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тарапынан шара көретін болады.
Жануарлардың қанын төгу Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 бұйрығымен бекітілген
"Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау
қағидаларын" қасақана бұзу болып табылады. Су бұру желісіне жануарлардың
қанын құйып тастау тазарту құрылыстары кешені үшін өте жағымсыз салдарға әкелуі
мүмкін. Биогаз қондырғысына кіргеннен кейін қан метантенктегі ашыту процесін
едәуір баяулатады, бұл биогаз қондырғысының толық тоқтауына әкелуі мүмкін. Бұл
тазарту қондырғыларының кешенін істен шығарып және миллиондаған доллар шығын
әкеледі.
Егер сіз ассенизаторлардың қалалық желілерге заңсыз төгіп тастағанына куә болсаңыз, фото
немесе бейне түсіріп, бұл туралы мына нөмірлерге хабарлауыңызды сұраймыз: +7 708 110 2121; WhatsApp № +7 705 758 1111
барлық дауыс: 5117
дауыс мұрағаты