русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 09.08.2023

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы келді.

Кәсіподақ қайраткері Сатыбалды Дәулеталин кәсіпорынның қызметімен танысып, еңбек ұжымымен кездесті. Сонда-ақ Дәулеталин мырзаның кеңесшісі, Біржан Нұрымбетов, "Шымкент қаласының Кәсіподақ орталығы" Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Алтеев және Түркістан облысының "Құрылыс кешені мен ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" филиалының төрағасы Абдурайра Манахов.

Қонақтарды Шымкент су арнасының тарихымен таныстырып, кәсіпорын мұражайын көрсетті. Мұнда Дәулеталин мырзаға "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС дамуының негізгі кезеңдері туралы айтылды. Орталық диспетчерлік қызметте кәсіподақ қайраткерлеріне кәсіпорынның өндірістік тізбектері қалай жұмыс істейтіні көрсетілді, су өндіру және бөлу процестерін басқарудың, су балансын бақылаудың және гидравликалық модельдеудің озық әдістерін енгізу туралы айтылды. Сонымен қатар, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиев кәсіпорын үшін маңызды тақырыпты көтерді - бұл қызметкерлердің жалақысының төмендігі, бұның салдары кадрлардың тұрақтамауына әкеріп соғады. Әкімшілік жалақыны көтере алмайды, өйткені бұл процесті монополияға қарсы агенттік реттейді. Қазіргі уақытта "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бойынша орташа жалақы 150 мың теңгеден сәл асады. Бұл басқа коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге қарағанда әлдеқайда төмен және республика бойынша орташа жалақының жартысына тең.

Қазір біз Қазақстанның өңірлеріне жұмыс сапарларымен барамыз. Басты мақсаттар-жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы әлеуметтік - экономикалық қатынастарды реттеу, еңбек жағдайларымен, түрлі саладағы қызметкерлердің жалақысының мөлшерімен танысу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері", - деп хабарлады журналистерге Сатыбалды Дәулеталин.

 

Кәсіпорынның кәсіподақ ұйымының басшысы Гүлнұр Сүйіндікова атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Көп нәрсе жасалады. Кәсіпорын қызметкерлерінің азық-түлік пен қажетті тауарларды нарықтық бағадан 20% төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі бар. Аз қамтылған отбасылар кәсіподақтан тұрақты көмек алады, еңбек ардагерлері де назардан тыс қалмайды. Еңбек ұжымы мен қызметкерлердің балаларына көмек көрсетуге бағытталған түрлі қайырымдылық акциялары өткізіледі. Бірақ қаржыландыру көздерінің болмауына байланысты кәсіпорын қызметкерлерінің сауықтыру-санаторлық іс-шараларға қаражат алу мүмкіндігі жоқ.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлерінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасына ерекше назар аударылады. Еңбек қызметін жүзеге асырудың барлық уақытында бірде-бір сақтандыру жағдайы тіркелген жоқ.

Дәулеталин мырза кәсіпорын қызметіне және оның кәсіподақ органына жоғары баға берді. Өз тарапынан кәсіподақ федерациясы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлерінің төмен жалақысымен байланысты проблемаларды тиісті деңгейде шешуге тырысатындығын айтып уәде етті.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары