Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 15.08.2023
Сақ болыңыз!
Төреқұлов көшесіндегі бірнеше үйдің тұрғындары таң сәріден сусыз қалды. Мұның себебі су
есептегіш торапты ашып, 5 су есептегіш құралын ұрлаған зиянкестердің әрекеттері
болды.
Оқиға орнына полицейлер шақырылып, сумен жабдықтауды қалпына
келтіру үшін Еңбекші аудандық су арнасының жөндеу бригадасы келіп. Тұтынушыларға су алу үшін
уақытша су есептегіштері орнатылды. Полицияға арыз "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС
әкімшілігі тарапынан да жазылатын болады. Бұл жеке су өлшегіштерді ұрлау
бірінші рет емес.
"Үшінші рет аудан аумағында су есептегіштерін ұрлау
фактілері бар. Бұл туралы Құқық қорғау органдарына
хабарланды, мәлімдемелер жазылды, бірақ қылмыскерлер әлі ұсталған жоқ.Соның салдарынан біздің тұтынушылар сусыз қалып, кәсіпорынға материалдық зиян келтірілуде. Ұрлық түнгі уақытта орын алады", - деді Еңбекші аудан су арнасы басшысы Мұрат Оспанов.
Шымкент қаласының полиция департаментінен су өлшегіштерді ұрлауды ерекше бақылауға алуды сұраймыз!
Сонымен қатар, тұтынушыларға су өлшегіш торапқа: су құбыры шаруашылығы
қызметтерін есепке алу жөніндегі инспектор мен "Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС жөндеу
қызметтерінің өкілдері кіре
алатынын еске саламыз. Егер су өлшегіш торапқа бөгде адамдар кірсе, бұл туралы
кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметіне хабарлауды сұраймыз +77081102121 (whatsapp) осы номерде.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты