Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 16.08.2023
Биыл БҚО-да 47 ауылға ауызсу желісі жеткізіледі. Оның ішінде шағын елді мекендерге кешенді модульді блоктар орнатылып жатыр. Бұл жобалар жүзеге асқан соң өңірдегі ауылдардың таза ауызсумен қамтылу көрсеткіші 95 пайызға жетпек. Күре жолдың бойында орналасқан ауылдарда тұрғындар суды құдықтан алатын. Кей уақытта қап-қара болып, лайланып кетеді. Кей уақытта жақсы болады. Қыста болмай қалатын уақыттар да болған. Бұлан ауылына су құбырын тарту жұмыстары былтыр басталыпты. Бұл бағытта бюджеттен 700 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Жоба аясында іргедегі Жамбыл елді мекеніне де сапалы ауызсу жеткізіледі. Құрылыс әлі жалғасып жатыр. Мердігер компания өкілдері тиісті жұмыстардың күзге дейін аяқталатынын айтуда. Аймақта 416 ауыл бар. Олардың ауызсу желісімен қамтылу деңгейі 92 пайыз болып тұр. Дәл қазір тағы 47 ауылға тіршілік нәрін жеткізу жұмыстары жүріп жатыр. Оған 6,3 млрд теңге жұмсалған,- дейді жауапты мамандар.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
39.3%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.6%
Жолым түскенде төлеймін
19.9%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.7%
барлық дауыс: 5439
дауыс мұрағаты