русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 16.08.2023

Инвестициялық бағдарлама аясында дюкерлерді қайта құру

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің 2023 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламасына күрделі гидротехникалық жұмыстар енгізілген. Олардың бірі - бұрынғы фосфор зауыты маңындағы Бадам өзені астынан өтетін дюкерді қайта құру жұмысы. Дюкер, бұл өзен арнасының астына, терең аңғардың беткейлеріне немесе түбіне, ойықта орналасқан жолдың астына салынған құбырдың бөлігі.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары дюкердің жұмысын, қазіргі жәйін көріп, жақын арада апатты жағдайға әкелуі мүмкін деп қорытынды жасады. Өйткені, диаметрі 500 миллиметр болатын екі коллекторлы желі өзеннің түбіне сонау КСРО дәуірінде салынған. 50 жылдан астам уақыт өткен. Дюкерде апат бола қалса, өзендегі экологиялық ахуал төмендеуі әбден мүмкін. Ал егер, өзен суы тасыса, су деңгейі артып, құбырларға түсетін жүктеменің еселеп артатыны даусыз.

  Нұрсұлтан Жұмабеков   "Тұрлан Құрылыс" ЖШС директоры

"Қазіргі уақытта жағалау аймағында 13 арнайы бетон тіректері салынды, тағы біреуі қыркүйек айында Бадам өзенінің арнасында салынады. Жалпы, бұл учаскеде 350 қаршы метр жаңа құбыр салынады, жұмысты 2023 жылдың 30 қазанына дейін аяқтау жоспарланған".

Құбырлар бетон тіректерге орнатылғаннан кейін "Оңтүстік" индустриялды аймағының сарқынды суы жаңа кәріз желісімен Шымкенттің ағынды су тазарту құрылғылары кешеніне жіберіледі.

 

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары