Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 21.08.2023
Ыстамбұлда тұщы су тапшылығы туындауы мүмкін. Жергілікті су қоймалары небәрі 33 пайызға толы. Ондағы тіршілік нәрі ары кетсе 2-3 айға ғана жетеді. Егер қазіргідей аптап ыстық басылмай, құрғақшылық жалғасса, жағдай тіптен ушығып кетуі мүмкін. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. «Олар алдағы 10 күнде жаңбыр жаумайды», - дейді. Сонымен қоса жақын арада температура 30 градустан төмен түсе қоймас деп пайымдайды. Сондықтан билік тұрғындарды суды үнемдеуге шақырып отыр.






