русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 23.08.2023

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы ассенизаторлы машиналардың иелерімен кездесті

Кәсіпорын басшысы Анарбек Орманмен кездесудің бастамашысы ассенизаторлы автокөліктердің жүргізушілерінің өздері болды. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС ғимаратында өткен басқосуда олар күнделікті туындайтын бірқатар сұрақтарын қойды. Ол: ағынды суды қабылдау тарифі, сарқынды суды төгетін станцияның тәулік бойғы жұмысы және бірқатар техникалық мәселелер бойынша сауалдар.

Кәсіпорынның бас директоры Анарбек Орман сарқынды суды тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерге тариф мемлекеттік орган – Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментімен бекітілгенін тағы да нақтылады. Қазіргі таңда бір текше метр сарқынды су құны 51 теңгені құрайды. Анарбек Оңғарұлы кәсіпорын ассенизаторларға бұған дейінгі уақытта барынша жеңілдік жасап келгенін айтты – мәселен, олар кәріз ағызу ақысын заңды тұлғалар ретінде емес, жеке тұтынушылар ретінде төлеп келді.

Сондай-ақ, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директоры жүргізушілерге, егер олар кәріз ағызу станциясына әкелетін ағынды су  "сапасына" тікелей жауап бергісі келмесе, тапсырыс берушілерден оны растайтын құжаттарды алып келуге міндетті екенін айтты. Сонда зертханалық тексеруде зиянды заттардың концентрациясы шектен асып кетсе, шағымдар ағынды суды жеткізген жүргізушіге емес, тасымалдауға тапсырыс берушілерге қатысты болмақ. Ал егер құжаттары болмаса, онда ас-машиналардың жүргізушілері өздері жауап береді.

Сарқынды су төгетін станцияның тәулік бойғы жұмысына, түнде келетін ассенизаторлардың санына да талдау жасалады, егер түнгі жұмыс кәсіпорынға рентабельді болса, онда жұмыс жүйелі жүргізіледі, түнде де жұмыс істейді. Анарбек Оңғарұлы ағынды суды тасымалдаушылар қойған басқа да сұрақтарға жауап берді. Түсініктемелер мен ұсыныстарын айтты.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары