Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 24.08.2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Маңғыстау облысының әкімі биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жоспарлары туралы баяндады. Олардың ішінде ауызсу тапшылығын шешуге қатысты тапсырмасының орындалу барысы туралы да мәлімдеді. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін облыста 2025 жылға дейін 6 жоба жүзеге асырылатынын, соның нәтижесінде тұшытылған судың көлемін 146 мың текше метрге арттыру мүмкін болатынын жеткізді. Сонымен қатар, Ақтау қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру жөнінде айтты. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына (МАЭК) күрделі жөндеу жүргізу мәселелері туралы баяндады.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.4%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.9%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.0%
БАҚ
14.5%
Басқа
15.8%
барлық дауыс: 5815
дауыс мұрағаты