Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 24.08.2023
Қазақстандық ғалымдар тездетіп халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру керек, деп есептейді. Өкінішке орай, бірнеше жылдан бері бұл мәселе шешімін таппай келеді. Елде өтіп жатқан Тәжікстанның мәдениет күндері аясында екі елдің ғылыми қауымдастығы аталған жайтты бірге талқылады. Басқосуда қос елдің ғалымдары азық-түлік, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экология тақырыбына қатысты ой бөлісті. Сейсмикалық қауіпсіздіктің мемлекетаралық талаптарын әзірлеу қажеттігі де айтылды. Оған қоса, биологиялық қауіпсіздік мәселесі екі тарапты бірдей толғандырады.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР ҰҒА президентінің орынбасары: - Ұтатын жерлеріміз көп. Үкіметтің мүшелеріне келісіп жатқан мамандарға ол не үшін керек? Ол үшін ғылыми негіздеме жасауымыз керек? Су энергетикалық консорциумының негіздемесін жасасақ, менің өз ойым, жемісті тұстар болары анық. Соны тезірек жылжыту үшін дәлдел керек, аргументтер керек.Сол аргументтер ғылым ретінде ғылыми негіздеме болады деген ойдамыз.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
32.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.3%
БАҚ
14.9%
Басқа
15.6%
барлық дауыс: 6186
дауыс мұрағаты