Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 24.08.2023
Апатқа ұшыраған "Фукусима-1" атом электр станциясындағы радиациядан тазартылған суды мұхитқа төгу жұмысы тамыздың соңында басталады. Бұл туралы арнайы отырыс өткізген жапон үкіметі мәлімдеді. Бірақ бұл бастамаға тұрғындар мен бизнес өкілдері сенімсіздік білдіріп, қарсылық танытып жатыр. Сенімсіздіктен бірінші кезекте бизнесмендер зардап шеккелі тұр. Балық дүкендері желісінің иесі Такаси Накадзима ондаған жыл бойы сатып келе жатқан балықтың 10 пайызы мұхиттың осы аумағында ауланып келген. Енді Такаси сияқты кәсіпкерлер сұраныс азаяды деп қорқады. Белсенділер ыстыққа да, жаңбырға да қарамай наразылық танытып келеді. Ал жапон билігі қоршаған ортаға еш залалы тимейді деуден жаңылар емес. Олардың айтуынша, көлемі 1 миллион тоннадан асатын су әбден тазартылған. Халықты алаңдатқан бір жәйт – құрамы суға қатты ұқсас тритийді толық сүзіп алу мүмкін болмаған. Бірақ мамандар радиоактивті сутегінің изотобын мұхит суымен араластырғанда еш залалы болмайды деп сендіреді. Төгу үдерісі 30 жылға созылмақ. Су арнайы жерасты жолымен құйылады. Барлық үдерісті МАГАТЭ сарапшылары бақылауда ұстайды.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.9%
БАҚ
14.3%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5661
дауыс мұрағаты