Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.08.2023
Жақсы үрдіс жалғасын тапты
Жаңа оқу жылының
қарсаңында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС әдемі дәстүрді қайта жалғастырды. Кәсіпорында еңбек ететін 56 қызметкердің
ұл-қыздары биыл мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отыр. Бас директор
Анарбек Орман әрбірінің отбасындағы осы қуанышын бөлісіп, тілектестігін
білдірді.
Анарбек Орман «Су-ресурстары-маркетинг» ЖШС бас директоры
Ақ жол тілейміз. Ұл-қыздарыңыздың
қуанышы. Әр ата-ана баласының оқып, жақсы тәрбие алғанын, өсіп-өнгенін қалайды.
Сол тілектер орындалсын. Осы балалардың бірі болашақта дәрігер, инженер, ғалым
немесе ұстаз болар. Мүмкін ел басқаратын азамат болар. Осы Су арнасы
мекемесінің мықты мамандары болар ата-анасының жолын қуып. Солай болсын, деп тілейік.
Ол үшін әрине, білімді, тәрбиелі болуы керек. Болашақта
ата-аналарыңыз сияқты бізде жұмысқа келіңіздер деп
Ұл-қыздар
салтанатты жиынға ерекше көңіл-күймен, ата-аналарымен келді. Барлығына мекеме
басшылығы қаржылай сыйлық тарту етті.
Интершум
Ұжым
қызметкерлерінің арасында көпбалалы отбасыларға мүмкіндігінше қолдау көрсету де
кәсіпорында дәстүрге айналған. Осы күні ұжымдағы көпбалалы отбасылардың 25-іне
кәсіподақ ұйымы атынан қаржылай тарту жасалды.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты