Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 27.08.2023
Түркістан облысы Төлеби ауданында төрт ауылдың ауызсу жүйесі қайта жаңғыртылып жатыр. Керегетас, Алшалы, Диханкөл және Ұзынарық ауылдарында таза су кеңес заманында тартылған. Алайда соңғы 20 жылдың көлемінде тұрғындар тіршілік нәрінен тарыға бастапты. Су жүйелері ескірген. Мысалы, Ұзынарық ауылында 250-ден аса түтін, мыңға жуық тұрғын бар. Мұнда өткен ғасырдың соңында ауыл халқын сапалы ауызсумен қамту мақсатында екі су жинайтын резервуар салынған. Алайда ауыл таулы жерде орналасқандықтан, жер асты суының тартылуына және құбырлар мен қондырғылардың тозуына байланысты тұрғындарға тіршілік нәрі тәулігіне бір-ақ рет беріліп келген. Ауылды сапалы ауызсумен қамту үшін елді мекеннің жоғары жағынан жаңа су жинайтын резервуардың құрылысы жүріп жатыр. Оған таудан келетін бұлақ суы пайдаланылады. Жоба құны - 361 млн теңге. «Нысан келесі жылы тапсырылады», - дейді жауаптылар. Жалпы, Төлеби ауданында 55 елді мекен бар. Соның 54-і орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтылған. Алайда құбырлары тозғандықтан кейбір ауылдарға тіршілік нәрі сағатпен беріледі. Қазір Ұзынарықтан бөлек тағы үш елді мекенде су құбырлары ауыстырылып жатыр. Енді бір елді мекен қалып тұр. Жаңакүш елді мекені. Оның жобалық сметалық құжаттары дайындалған. Облыс тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде. Мамандар биыл су құбырлары тозған тағы 6 елді-мекенде құрылыс жұмыстары басталатынын айтады. Осылайша 2025 жылы аудандағы елді мекендерді 100 пайыз сапалы ауызсумен қамту көзделіп отыр.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.6%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.4%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5157
дауыс мұрағаты