Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 28.08.2023
Кәсіпорынның
инвестициялық бағдарламасы туралы тікелей
эфирде айтылды
«Отырар»
телеарнасының бағдарламасында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің
инвестициялық бағдарламасы және қаладағы су құбырлары мен кәріз желілерінің
тозуы туралы мәселе қозғалды. Кәсіпорынның Күрделі құрылыс бөлімінің бастығы
Бұлан Тұрлыбеков халық санының өсуіне байланысты ауыз сумен қамту аясын ұлғайту
бойынша жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқанын баяндады. Ол көрермендерге осы
бағытта қандай жұмыстар қолға алынғанын, қандай гидротехникалық қондырғылар
салынғанын айтып берді. Сонымен қатар, Бұлан Тұрлыбеков қалалық ағынды су тазарту
құрылғылары кешенінің өңдеу қуаттылығын арттыру және Шымкенттегі су құбыры және
кәріз желілерін қайта жаңарту барысына егжей-тегжейлі тоқталды. "Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС мамандарының сұқбатының толық нұсқасын «Отырар» телеарнасынан көре аласыздар.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты