Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 30.08.2023
Диаметрі 2000 миллиметрлі коллекторды қайта құру
жұмыстары басталды
Самал-3
шағынауданында ауқымды жұмыстар басталды, соған байланысты Юсупов көшесінде көлік қозғалысы уақытша
тоқтатылды. Мұнда арнайы техниканың бірнешеуі қолданылуда. Диаметрі 2 метрді құрайтын
ескі коллекторды жаңарту үшін алдымен осындағы жерді тегістеу, дайындау
жұмыстары жүргізілуде.
Бұлан Тұрлыбеков "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС
күрделі құрылыс бөлімінің бастығы
«Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің 2023
жылға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында диаметрі 2000 миллиметрлі,
ұзындығы 3 473 қарышты метрлі коллекторды қайта құруқолға алынған. Бұл Момышұлы
көшесі мен, Юсупов көшесі аралығындағы, су төгетін станцияға дейінгі құбыр. Бұл
коллектор 1972 жылы салынған, яғни тозығы 100 пайызға жеткен».
Ескі
құбыр әбден тозған, яғни су өткізуі өте
төмен. Жауын-шашын бола қалса, жаңбыр мен еріген қар суы қаланың кәріз жүйесіне
түседі, оның тазарту деңгейі төмендеп, ескі коллектор жұмысы нашарлай
береді. Нәтижесінде, жер үйлерді су басу
қаупі туындайды.
Тимур Қияс
учаске басшысы
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС
тапсырысымен қазір "Тұрлан құрылыс" мердігерлік ұйымы ескірген кәріз
коллекторын жаңартып жатыр. Бұл жұмыстарды 30 жұмысшы істеп жатыр. 2 арнайы
техникасы, 4 самосвал, қуатты кран мен 2 тралы бар. Кесте бойынша бұл нысан
келесі жылдың күзінде пайдалануға берілетіні туралы хабарлаймыз.".
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында Шымкентте
кәріз коллекторын қайта құру бойынша тағы бір жоба қолға алынған. Ол - қаланың
оңтүстік бөлігінде жүргізіледі. Ондағы жұмыстар туралы келесі материалымызда айтатын
боламыз.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты