Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 31.08.2023
Бейбітшілік көшесінде орамішілік су құбыры жаңартылды
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің тапсырысымен ескі құбырларды, ысырмалар мен
гидранттарды ауыстыру жұмыстарын "Регион Строй" ЖШС мердігерлік ұйымы
жүргізді, бүгінде аяқталуға жақын. Ауыстырылған су құбыры желілерінің жалпы
ұзындығы 1982 метр, диаметрі -150 мм. Қайта құру жұмыстары 2022 жылы басталған
болатын. Құрылыс-монтаждау жұмыстары толыққанды 2023 жылдың қыркүйек айында
аяқталады деп жоспарланған. Ендігі кезекте жаңартылған желілер гидравликалық
сынақтардан өтеді, содан кейін пайдалануға беріледі.
Жалпы, "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында 2023 жылы 12
шақырымнан астам су құбыры қайта жаңартылады.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты