Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 03.09.2023
Қостанай облысының Бестөбе және Адай ауылдарына орталықтандырылған су желісі тартылып жатыр. Екі жылдық жоба биыл қараша айында аяқталуы тиіс. Жалпы, аудан орталығы Қамыстыдан бастау алатын ауызсу құбыры Бестөбе, Адай ауылдарын қамтиды. Жалпы ұзындығы 64 шақырым. Осы уақытқа дейін соның 50 шақырымы салынған. Бұл жобаның бір ерекшелігі бірден екі құбыр тартылып жатыр, дейді мердігерлер.
Жоба бойынша өткен жылдың тамыз айында басталған құбыр тарту жұмыстары биыл қараша айында аяқталуы тиіс. Бірақ ол бір-екі айға созылуы мүмкін деген күдік бар. Мердігер құрал-жабдықтардың қымбаттап кеткендігін алға тартады. Бөлінген 1 миллиард 267 миллион тенгені аздық етеді деп отыр. Сондықтан жоба құнын қайта қарауды сұрап, облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныс жіберіпті.
Кейін сұрап білгеніміздей мердігердің өтінішін бюджеттік комиссия қанағаттандырмаған. Қосымша тым көп ақша сұраса керек. Бірақ аудандық әкімдіктегілер «жұмыс тоқтаған жоқ, арада келіссөздер жүріп жатыр», - дейді.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.9%
БАҚ
14.4%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5678
дауыс мұрағаты