русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 05.09.2023

Шымкентке тәжірибе жинауға келді

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не Қызылорда облысынан «Арал» құрылысы жүріп жатқан кәсіпорындардың біріккен дирекциясының өкілдері арнайы келді. Бұл ұйым Қызылорда облысының елді мекендерінде сумен қамту және кәріз бойынша қызмет көрсетеді. Көрші өңірден келген мамандардың мақсаты – шымкенттік "Су ресурстары-Маркетинг" кәсіпорнындағы әріптестермен тәжірибе алмасу, жұмыс барысымен егжей-тегжейлі танысу.

Қонақтар алдымен Диспетчерлік қызмет орталығымен, оның жұмысымен танысты. Орталық инженерлері мен операторлары суды есепке алу, желідегі қысымды бақылау және ауыз суды өндіруге және тарату процестерін,  автоматтандыру жүйесі туралы айтып берді. Қызылордалықтар үшін бұл өте маңызды ақпарат. Көрші өңірде желідегі су шығыны, апатты жағдайлар бойынша проблемалар баршылық. Бұл келеңсіздіктің алдын-алуда жүйені  автоматтандыру және цифрландыру жүргізу ұтымды екені жұмыс барысында көрсетілді.  Сондай-ақ, қонақтар Кәсіпорындағы географиялық ақпараттық жүйе бөлімінің жұмысын көрді. Мұнда Шымкент қаласының су құбыры және кәріз желілерінің цифрлы картасы құрылған, гидравликалық модельдеу жүргізіледі, соның негізінде кәсіпорынның инженерлі-коммуникация желісінде апатты жағдайларды азайтуға мүмкіндік туып отыр.

 Ержан Әмиша

Арал " ҚЖБД  директорының орынбасары


"Кеше біз "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің негізгі бөлімдерінде болдық, сіздің мамандарыңыз бізге толық ақпарат берді, бізді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді, бүгін мына Суқабылдағышты, тарату желілерін көріп отырмыз. Автаматтандыру жүйесі, жалпы жұмыс жүйеленгені ұнады".

Сапар соңында қызылордалықтар Шымкент қаласын ауыз сумен қамтитын  Ақбай-Қарасу су жинау алабында болды. Олар аталған кешенде қолданылатын заманауи және үнемді сорғы жабдықтарымен, сондай-ақ су өндіру процестерін автоматтандыру жүйесімен танысты. Қызылорда облысында ауыз су жер асты ұңғымаларынан алынады. Жалпы, әріптестер өздеріне тың мәліметтер алып, жұмыс барысында пайдалы болатынына сенім білдіріп қайтты.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары