Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.09.2023
Facebook-тегі қоғамдық қабылдау
2023 жылғы 5 қыркүйек күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті кезекті рет тұтынушылармен виртуалды қоғамдық қабылдау өткізді. Қала тұрғындары Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунты арқылы коммуналды салаға қатысты сұрақтарын қойды.
Қабылдауға коммуналды қызмет түрлерін жеткізушілердің, қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері қатысты, модераторы ҚР ҰЭМ ТМРА басшысының Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Айсұлу Әлібекова болды.
Оның барысында тұтынушыларға коммуналды қызмет саласына қатысты бірнеше өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-іне қатысты, сумен қамту және кәріз жүйесі бойынша бұл жолы ешқандай сұрақтар, өтініш-шағым түскен жоқ.
Егер "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар туындап жатса, кәсіпорынның Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына хабарласуыңызға болады. Сондай-ақ Whatsapp-қа: +77057581111 нөміріне жазыңыз. Міндетті түрде жауап беріледі және проблемалы тұстарды қарастырып, жауапты мамандар шешуге көмектеседі.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты