Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 07.09.2023
Жоспарлы жөндеу жұмыстары уақытында аяқталды
Қаланы сумен қамту сапасын жақсарту үшін 8 қыркүйекке қараған түні "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бөлімшелері жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Шымкент қаласының бірнеше шағынаудандарында ауыз су беру уақытша тоқтатылған-ды. Халық алдында қолайсыздықты барынша азайтуды көздеп, мамандар жұмысты түнгі уақытта істеді. Жоспарлы жөндеу жұмыстарына аудандық су арналарының қызметкерлері мен бірнеше арнайы техника тартылды.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасына сәйкес, биылғы жылы Рысқұлов көшесінен Жандосов көшесіне дейін, Ерімбетов көшесінде диаметрі 500 миллиметрлі су құбыры жаңартылды. Қайта құру жұмыстары толық аяқталған соң, 8 қыркүйекке қараған түні диаметрі 800 миллиметрлі жаңартылған құбыр желісі іске қосылды. Яғни, ескі желі алынып тасталды. Сонымен қатар, осы ауыстыру барысында 18 шағынауданға апаратын су құбыры желісінде орналасқан диаметрі 400 мм-лі ескі ысырма да ауыстырылды". Су ресурстары-Маркетинг " ЖШС Бас директорының орынбасары Бекжан Ешімбетов атқарылған жұмыс туралы осылай мәлімет берді.
Алдын-ала жоспарланғандай, таңғы сағат 6.00-де қаланың бірқатар шағынаудандарында өшірілген су желіге қайта қосылып, жүйе толығымен қалпына келтірілді.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.9%
БАҚ
14.3%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5662
дауыс мұрағаты