Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.09.2023
Тозығы
жеткен коллектор
жаңартылады
Қапал батыр көшесі мен Қаратөбе тас жолындағы кәріз коллекторын жаңарту жұмыстары
басталды. Бұл гидротехникалық
құрылым 1969 жылы салынған,
тозығы әбден жеткен. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС
мамандарының дерегі
бойынша,
темірбетон коллекторының тозу
деңгейі
100% - дан асып кеткен,
сондықтан оны ары қарай пайдалану қауіпті. Желіде апаттар да жиілей бастаған.
Мәселен, соңғы жылдардың өзінде 8 апат тіркеліпті.
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС бекіткен инвестициялық бағдарламасы аясында 2023
жылы осы коллекторды қайта құру жұмыстары басталды. Жалпы алғанда, коллектордың
1850 қарышты метрі ауыстырылады, жұмыстар 2024 жылы аяқталады деп жоспарланған.
барлық дауыс: 5662
дауыс мұрағаты