Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 12.09.2023
Қазақстандық ғалымдар ауызсуды тазалаудың жаңа технологиясын ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24». Анығырақ айтсақ, Сәтбаев университетінің оқытушылары баяу сүзгі жобасын ұсынып отыр. Мұнда суды тазалауға цеолит пайдаланылады. Өнертапқыштар алдымен оны 600-700 градус жоғары температурада өңдеп, модификациядан өткізеді. Содан кейін сүзгі ретінде қолданады. Ғалымдардың айтуынша, бұл – құрылғы елді мекендердегі ауызсу сапасын жақсарту үшін таптырмас дүние. Жоба жүзеге асатын болса, 10 мыңнан 50 мыңға дейін халқы бар ауылдарды таза сумен қамтамасыз ете алады. Қазір олар өзен суын әкеліп, оны осы баяу сүзгі арқылы тазалап, сынақтан өткізіп жатыр. Сүзгі суды ауыр металдардан тазартып, жұмсарта түседі. Ал бізде циолит қоры жеткілікті. Кен орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Шанханай елді мекенінің маңында орналасқан.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
32.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.2%
БАҚ
14.7%
Басқа
15.7%
барлық дауыс: 6056
дауыс мұрағаты