Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 14.09.2023
"Кәсіпорын болашағы" байқауының жеңімпаздары
марапатталды
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де "кәсіпорын болашағы" конкурсын қорытындылады.
Конкурстың басты мақсаты – білікті, бастамашыл мамандарды анықтау. Байқауға кәсіпорынның
барлық бөлімдерінің қызметкерлері қатыса алды, Мамандардың сумен жабдықтау және
су бұру, энергиямен қамту, сарқынды суды тазарту және су шаруашылығының басқа
да аспектілері бойынша техникалық регламенттерді қаншалықты білетіні тексерілді.
Байқауға қатысушылар
екі емтихан кезеңінен өтуі керек болды: тестілеу және әңгімелесу. Тестілеу
кезінде қатысушы біліктілігін растайтын бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Тестілеу әдісі мамандарға бұрыннан таныс, себебі ол әдіс "Smart -
маман" оқу орталығында оқыту кезінде де қолданылады. Ал байқауға
қатысушылардың барлығы осы курстардан өткенін атап өткен жөн. Байқаудың екінші
кезеңіне ең көп ұпай жинаған қатысушылар өтті. Емтихан комиссиясы әңгімелесу
кезінде "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің арнайы кадрлық резервіне алынатын
үздік мамандар іріктеледі.
"Кәсіпорын
болашағы" байқауының үшінші кезеңінің жеңімпазы болып Абай аудандық су
арнасының бастығы Бауыржан Ділдабеков атанды. Жоғары білімі мен кәсіби біліктілігі
үшін оған арнайы сыйақы берілді.
Байқау
жеңімпаздарының қатарынла: су жинақтау құрылғыларының инженері Еркінбай
Әбдікәдіров, заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің инспекторы Әбділмахмұт
Керімбаев, инженер-энергетик Дилмурод Нұрметов және "Су ресурстары
инспекциясының" инспекторы Ғабит Сергебаев бар.
Құттықтаймыз!
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты