Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 19.09.2023
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де
ішкі
аудит өткізілді
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС - сапа,
қауіпсіздік және экология бойынша интеграцияланған менеджмент жүйесінің
халықаралық стандарттарына сәйкес жүйелі
жұмыс істейтін кәсіпорын. Осы стандарттарды растау үшін жыл сайын
ішкі аудит жүргізіледі. Бұл
жұмыс, ең
алдымен, әр бөлімнің
қызметіндегі әлсіз тұстарды
анықтауға, кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік
береді,
нәтижесінде,
кәсіпорын ұсынатын қызмет сапасы артады.
Аудитор Гүлнар Таласбаева мен "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас
директорының көмекшісі Ғалия Мұртазина бірлесіп, кәсіпорынның бірнеше бөлімшелері қызметінің сапа, қауіпсіздік және экология
стандарттарына сәйкестігін тексерді. Ішкі аудит барысында лауазымдық
нұсқаулықтар, ережелер және басқа да құжаттар, жоспарлы және профилактикалық
жұмыстарды орындау бойынша әзірленген кестелер жіті зерделенді. "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі мен оларға жасалатын жағдайға баса назар аударылды. Сондай-ақ
экологиялық менеджментке сәйкестік
бойынша
аудит жүргізілді.
Біріктірілген менеджмент жүйесінің ішкі аудиті
қорытындысы бойынша түзету іс-шараларының жоспары әзірленді. Бөлімдер мен
бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Сапа, қауіпсіздік және экология бойынша интеграцияланған менеджмент жүйесінің
стандарттары бірінші кезекте тұтынушыға көрсетілетін қызметке бағытталған. Соның арқасында кәсіпорын өз қызметін
реттей де,
жақсарта да
алады. Егер тұтынушының
сапа, қауіпсіздік және экология мәселелері бойынша, кәсіпорынның ашықтығына көңілі толса, онда мекеменің бәсекеге қабілетті болғаны және ары қарай да қоғамда сұранысқа ие сапалы қызметін көрсете бермек.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты