русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 25.09.2023

 

Біздің мекемеге – 25 жыл

      «Су ресурстары-Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 25 жыл ішінде халыққа қызмет көрсетуде, тұрғындарды, кәсіпорындарды сумен қамтып, ағынды суды тазарту бағытында тәжірибесі мол, жосығы бөлек кәсіпорынға айналды. Бүгінде ол шымкенттік өндіріс орындарының бренді деуге болады. Нарықтық экономика қарым-қатынастарының қағидаларын, әр кезеңнің талабы мен даму қарқынын жете білген, маркетинг жүйесін шебер үйлестіре алған Анарбек Оңғарұлы Орманның басшылығымен мекеме стратегиялық маңызы зор компаниялардың бірегейі. Орта Азияда баламасы жоқ өндіріс қондырғыларын іске қосып, табиғаттан алған судың сапасын көтеріп, оны қайтадан табиғатқа беруде заманауи технологияны, жасыл экономика механизмін дұрыс пайдалану жолы ұжымды үлкен жетістіктерге жеткізіп отыр. Кәсіпорынның 25 жылдығына арнайы келген сала мамандары, әріптестер, халық қалаулылары, коммуналды сала басшылары осылай деді. 

Валерий Сюндюков  «Қазақстан су арнасы» ҚР сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары қауымдастығының президенті

 

  Бахадыр Нарымбетов Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы, Аманат партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы

 

Жеңіс Сұлтанов  «Қызылжар-Су» ЖШС бас директоры, Петропавл қаласы

Кәсіпорында бүгінде мыңнан астам адам еңбек етуде. Олардың үздіктері, өндірістің жан-жақты дамуына сүбелі үлесін қосып отырған инспекторлар мен слесарьлар, инженер-механиктер, дилерлік учаске мамандары, тұтынушылармен жұмысты үйлестіруде еңбегі ерен бөлім қызметкерлер, басшылары осы күні Алғыс хат, төсгілермен марапатталды.

Нұршат Айтбаева   кәсіпорын инженері   

     Шымкент қаласының экономикасын өркендетуде өндіріс саласындағы жақсы жетістіктерді, бағалы бастамаларды, тағылымды тәжірибелерді, индустриалды-инновациялық бағыттағы барлық технологияларды, цифрландыру механизмін қолданып, оларды жүзеге асырып отырған «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің ұжымы әлі талай белестерді бағындырары анық. Оған мекеменің потенциалы жетеді. 

 

 

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары