Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.09.2023
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС инвестициялық бағдарламасының
орындалуы.
Қыркүйек 2023.
Қаладағы индустриалды
аймаққа жақын орналасқан Бадам өзенінде дюкерді қайта құру жұмысы жалғасып
жатыр. Қазіргі уақытта өзен үстімен жаңа құбыр орнатылуда.
Құбырларды жаңарту
басталғанға дейін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары дюкерді
егжей-тегжей зерттеп, қазіргі күйі апатты жағдай тудыруы мүмкін деген
қорытындыға келді. Өйткені, диаметрі 500 миллиметр болатын екі коллекторлық желі
КСРО кезеңінде өзен түбіне салынған. Оған 50 жылдан асты. Ал апат бола қалса,
оның экологияға да зияны орасан болары анық. Бадамдағы су деңгейі артса,
құбырларға да айтарлықтай ауыртпалық түседі.
Қазіргі таңда өзен
жағалауындағы аумақта 13 арнайы бетон тіректері салынған, қыркүйек айында Бадам
өзенінің арнасына салынды. Жалпы, бұл учаскеде 350 қарышты метрлі жаңа құбыр
салынбақ, жұмыстар 30-шы қазанға дейін аяқталады деп жоспарланған.
(Дюкер - өзен
арнасының астына, терең аңғардың беткейлеріне немесе түбіне, ойықта орналасқан
жолдың астына салынатын құбырдың қысымды бөлігі).
Бейбітшілік
көшесіндегі орамішілік су құбыры желісін жаңарту жұмыстары аяқталды. "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС тапсырысы бойынша ескі құбырларды, ысырмалар мен
гидранттарды алмастырған "Регион Строй" ЖШС мердігерлік ұйымы.
Жаңартылған құбырдың жалпы ұзындығы-1982 метр, диаметрі-150 мм. Бұл жұмыстар
2022 жылы басталған, қазіргі уақытта тұтынушылар жаңа су құбырын пайдалануда.
Ал, Қапал батыр
көшесі мен Қаратөбе тас жолында кәріз коллекторын қайта жаңарту жұмыстары
басталды. Гидротехникалық құрылым 1969 жылы салынған және барлық тұрғыдан тозығы
жетіп, ескірген. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандарының мәліметінше,
темірбетон коллекторының тозуы 100% - дан асып кеткен. Нәтижесінде мұнда апаттар
жиі болды, соңғы жылдары 8 ауыр апат тіркелген.
4-шағынаудандағы орамішілік
желілердегі жұмыстар да аяқталды. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС
тапсырысы бойынша мұнда "Строй Монтаж Астро" мердігерлік компаниясы жұмыс
істеді. Су құбыры Исаханов – Қабылбаев көшелерінің қиылысынан бастап, Баққоныс
көшесіне дейінгі аралықта жаңартылды. Құбырлардың диаметрі 200 миллиметр. жалпы
ұзындығы-1300 қарышты метр. Исаханов көшесінен Шілмембет көшесіне дейінгі
көшеішілік желі жаңартылды. Мұнда ауыстырылған құбырдың диаметрі 160 миллиметр.
Ауданда су құбыры желісін қайта құру жұмыстары маусым айында басталған болатын.
Жаңа желі гидравликалық сынақтардан өткізілді және қазір пайдалануға берілді.
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында Әл-Фараби
алаңындағы және Жангелдин көшесіндегі үйлерде диаметрі-110 мм-лі және 150 мм-лі
орамішілік су құбыры жаңартылды. Кәсіпорын тапсырысымен бұл жұмыстарды мердігер
компания - "Береке бетон" ЖШС жүргізді. Жалпы алғанда, диаметрі 160
миллиметр болатын, ұзындығы 712 қарышты метрді құрайтын құбыр және диаметрі 110
мм болатын 194 метрлік су құбыры ауыстырылды.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты