Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.10.2023
Қалдықтарды заңсыз төгумен
күресеміз
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәріз желілері бойынша қызмет көрсету бөлімінің
қызметкерлері рейд барысында ассенизаторлы көлік жүргізушісінің заңсыз әрекеті
анықталды. Ол қалалық желіге ағынды қалдықтарды заңсыз төккен.
1 қазанда Мұнай өңдеу
зауыты ауданында ГАЗ-53 автокөлігінің жүргізушісі диаметрі 800 мм коллекторға ағынды
қалдықты төккені бейнекамераға түсірілген. Бұл жерге патрульдік полиция шақырылып,
қалдықты заңсыз төгу фактісі бойынша әкімшілік хаттама түзілді. Сот шешіміне
сәйкес, жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынады.
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәріз желілері бойынша қызмет көрсету бөлімінің
қызметкерлері азаматтардан осындай жағдайларды көре қалсаңыздар, ас-машиналардың
желіге улы заттар немесе жануарлардың қалдығын тастап жатқанын байқасаңыздар, фото
және бейнеге жазып, түсіріп алуды сұрайды (автокөліктің мемлекеттік тіркеу
нөмірлік белгісін түсіру қажет). Материалдарды whatsapp - қа жіберуге болады:+77753757170,
сыйақы берілетініне, материалдың анонимді болатынына кепілдік беріледі.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты