Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.10.2023
Барлық
ұсыныстар маңызды және міндетті түрде қарастырылады
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де
кәріз-тазарту құрылғылары
кешенінің маңайындағы
экологиялық ахуалды
жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар
істеуде. Соның ішінде, ағынды судағы зиянды
заттарды жоятын, жағымсыз иіс тудыратын элементтерді жоюға әсер ететін жаңа
флокулянттар мен химиялық препараттарды
зерттеуге кірісті.
Осы орайда, жақында
Шымкенттік ағынды су тазарту кешеніне Литва
компаниясының өкілдері келді. Олар кәріз
ағындысын тазартуда пайдалы бактериялардың
әртүрлі штаммының 45-50 түрінен тұратын органикалық өнім – жаңа препаратты қолдануды ұсынып отыр. Литвалық әріптестер препаратты
қолданудың схемасын түсіндіру
барысында алдымен қаладағы су тазарту кешенінің жұмысымен танысып, оның
барлық кезеңдерін зерттеді. Бұл схема экологиялық жағдайды жақсартуға,
кәсіпорынның энергия шығынын азайтуға және қосымша жұмыс процестерін қосуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта
препаратты қолдану бойынша екі жоба дайындалуда. Егер ұсыныстардың бағасы мен сапасы көңілден шығып, ең бастысы, Шымкент тазарту құрылғылары кешенінің пайдалану схемасына
сәйкес келсе, онда кәсіпорын басшылығы оны сатып алу және қолдану мәселесін қарастырмақ.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты