Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.10.2023
«Су ресурстары-маркетинг» ЖШС мамандары үй
төрағалары, БАҚ тілшілері үшін кезекті ақпараттық кездесу
ұйымдастырды
Шымкент қаласындағы Самал-3 шағынауданында
диаметрі 2000 миллиметрлі кәріз коллекторын қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
«Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің 2023 жылға арналған инвестициялық
бағдарламасы аясында жаңартылып жатқан құбыр ұзындығы 3 жарым шақырымға жуық. Бұл
коллектор 1972 жылы салынған, яғни тозығы жеткен.
Бұлан
Тұрлыбеков «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС
күрделі құрылыс бөлімінің басшысы
Тұран-Құрылыс ЖШС жұмыстарды жүргізіп жатыр ...
Жылына 12 шақырым жаңаланады бағдарлама
аясында.
Момышұлы
және Юсупов көшелері аралығын қамтитын ескі құбырдың тозғанынан оның су өткізу
деңгей де төмендеген. Жауын-шашын бола қалса, жаңбыр мен еріген қар суы қаланың
кәріз жүйесіне түсіп, салдарынан су тазарту деңгейі нашарлайды, ескі коллектор
жер үйлерге қауіп төндіреді, оларды су басу қаупі басым еді. Енді проблема
туындамайды. Кесте бойынша бұл нысан келесі жылдың күзінде пайдалануға
беріледі.
Кәсіпорын
мамандарымен ақпараттық турға жиналған үй төраға-төрайымдары мен БАҚ тілшілері
ағынды суды тазарту кешенін ұлғайту жұмыстарын да көріп қайтты. Мегаполистегі стратегиялық нысандарының бірі
ретінде бұл құрылысқа үлкен маңыз беріліп отырғаны белгілі.
Ақберді Өтеулиев
Еңбекші ауданындағы көпқабатты үй төрағасы
((Міне,
бәрін көрді, өте жақсы жұмыстар істеліп жатыр. Халыққа жағдай жасалса, одан
артық ештеңе керекемесі. Иіс те байқалмайды)).
Жоба толығымен
жүзеге асқан шақта ағынды су тазарту кешені тәулігіне 200 мың м3 шайынды суды
тазарта алады. Бүгінде бұл көлем 150 мың м3-ді құрайды. Тұтынушылардан
жиналатын сарқынды суға қар, жаңбыр суын қосқанда шайынды суды тазарту, қайта
өңдеу ісі күрделене береді. Оның үстіне қала халқыгың саны жылдан-жылға артып
отыр. Биылдың өзінде қалалық кәріз жүйесіне «Самал-1», «Самал-2»,
«Солтүстік-Батыс», «Қайтпас-1», «Ақжайық» шағын аудандарында, Гидролизный,
Ворошиловка, Чапаевка тұрғын алабындағы 41 мыңнан астам жеке үйлер қосылуға
дайын отыр. Яғни, осы аумақтан кәріз жүйесіне қосылатын 265 мың тұтынушы жалпы
тұтынушылар санын тағы да арттыра түседі деген сөз. Кешен құрылысы 2024 жылдың
соңында аяқталады деп жоспарланған. Жұмыстарды «Сарыағаш Аман» ЖШС жүргізуде.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты