Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.10.2023
Өңірдің экологиясын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар
Бөржар су
жинақтағышына құйылған хлорелла нәтижелі болды. Жинақтағышқа ағынды су құрылғылары
кешенінде тазартылған су жіберілетіні белгілі. Петропавл су зерттеу
ғылыми-техникалық орталығының мамандары тиісті өлшеулерін жүргізіп, қорытындысын
шығарды – бір жасушалы пайдалы микроорганизмдерді енгізу процесі сәтті өтті.
Александр Рейбандт
Петропавл қаласы, Су зерттеу жөніндегі ғылыми-техникалық
орталығының басшысы
"Біз бұл жолы жұмысымыздың нәтижесін көруге,
процестердің қалай жүріп жатқанын білуге, хлорелланың даму динамикасын
бақылауға арнайы келдік. Алғашқы өлшемдер бойынша, әр литрде 9,5-10 миллиграмм оттегі
мөлшері барын көрсетті. Түсінікті болу үшін балық-шаруашылығы бар су
айдындарымен мысал келтірейін – форель өсіру үшін де 9 миллиграмм жеткілікті".
Су қоймасында
оттегінің көп болуы ағынды су мен құрамында зиянды заттар бар қалдықтар
қоректенетін микроорганизмдердің көбеюіне ықпал етеді. Бұл жағымсыз иістің жойылуына
сеп болады және жалпы жағдайды жақсартады. Қазір дискідегі су тап-таза, онда
көптеген шаян-дафнийлер бар, олар басқа да организмдерге жем бола алады.
Николай
Васильев ҒТО техникалық директоры
"Болашақта резервуарды жинау, осы дафнийлерді жейтін
балық түрлерін өндіруді де жоспарлап отырмыз. Осылайша, азық-түлік тізбегімен
жалғастырамыз. Хлорелла-дафнийді жесе, оны балық жейді. Яғни, биомассаны табиғи
түрде алып тастауға болады".
Естеріңізге сала
кетсек, хлорелла Бөржар жинақтағышына 2022 жылдың желтоқсанында құйылған. Су
зерттеу орталығының мамандары Петропавлда микроорганизмдердің қазақстандық
штаммын шығарып, оны патенттеді. Шымкент қаласының жағымды климаты су айдынында
біржасушалы өсімдіктердің тез өсуіне қолайлы болды деген сөз. Бұл дегеніміз -
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға
елеулі үлес қосып отыр.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты