Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 10.10.2023
Ардагерлердің
тілек-ұсыныстарын тыңдау науқандық жиын емес
Шымкент қалалық
мәслихатының депутаты, Аманат партиясы «Тұран» филиалының төрағасы Абзал
Зейнетаев «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС ардагерлерімен, зейнеткерлермен
кездесті. Мақсат – тұрғындармен, сайлаушылармен пікір алмасу, көкейкесті
мәселелердің шешілу барысын талқылау. Мұндай басқосулар кәсіпорында үздіксіз
өткізіледі. Бұл жолы аға буын қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Ол
– қалада салынып жатқан жол сапасы, ирригация жүйесін ретке келтіру, көшелерді
жарықтандыру, алдағы жылыту маусымына дайындық барысы.
Абзал Зейнетаев
кездесуде айтылған ұсыныс, пікірлер бойынша тиісті басқармаларға сауал жолдап,
шешім шығарылуын қадағалайтынын айтты.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты