Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 19.10.2023
Қалаға
қосымша ауыз су көлемі қажет
Мегаполис халқының саны артып, қала ұлғайып келеді. Бұл дегеніміз - ауыз су қажеттілігі
де артуда, оның шешімі кезек
күттірмейді. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де осы күрделі мәселе
бойынша ақымды жұмыстар істеуде.
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандарының мәліметі бойынша, 2023 жылдың
жазында бір тәулікте 250 мың текше метрден астам көлемде ауыз су түтындық.
Бағалы ресурстың негізгі бөлігі Ақбай-Қарасу су қабылдағышында (тәулігіне 150
мың текше метрге дейін) өндіріледі, одан басқа Шымкентті сапалы ауыз сумен
қамтамасыз ететін тағы 4 су қабылдайтын құрылғы бар. Тұрғындар саны мен және қалалық
инфрақұрылымның жәйін ескерсек, қалаға берілетін ауыз су көлемін арттыру қажет. Сондықтан Ақбай-Қарасу су
қабылдағышынан қосымша - төртінші су құбырын тартып, көп ұзамай құрылысы
басталмақ.
«Ақбай-Қарасу» су
қабылдағышынан диаметрі 800, 1000 және 1200 миллиметр болатын 3 су құбыры салынған.
Су көлемі барынша артқан кезде олардың
максималды өткізу қабілеті 150 мың текше метрге жетеді. Шымкентті қажетті
көлемде ауыз сумен сапалы қамтамасыз ету үшін 4-ші су құбырын салу керек, сол
арқылы қажетті көлемде су жіберіледі",- де»ді "Су
ресурстары-Маркетинг ЖШС Бас
директорының орынбасары Бекжан Ешімбетов.
Бұл - өте маңызды
жоба. Сондықтан қажетті техникалық сараптамалар жасау, жобалау-сметалық
құжаттаманы дайындау, жобаны мемлекеттік сараптама негізінде қорғау,
қаржыландыру көзін шешу ұзаққа соатын іс
емес. Шымкенттің жаңа шағынаудандары тұрғындарын , мекемелерді ауыз сумен қамту
үшін құрылыс жұмыстарын бастау және қысқа мерзімде аяқтау талабы тұр.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты