русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 30.10.2023

Қыс алыс демеңіз, қыр астында

Құрметті су және кәріз желісін тұтынушылар! "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі Сізден қысқы маусымға су құбыры желілерін тыңғылықты дайындауды сұранады.

Көпқабатты үй тұрғындары кіреберістегі есіктер мен терезелерді бүтіндеп, әйнегі болуын, есігінің жарамдылығын қадағалауы керек. Сонымен бірге, жертөлелердегі су құбыры желілерінің суыққа дайындығын тексеріңіздер. Оқшаулап, жылыту керек болса, осы бастан суыққа төзімді болуы үшін орап қойыңыз. Жер үйлердің иелері аулаларындағы су құбыры мен көшеден, жер бетіне жақын орналасқан құбырларды оқшаулап, крандарын қажетті материалдармен орағаны дұрыс.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қаңтар айында қысқы суыққа тиісті деңгейде дайындалмағанның салдарынан көпқабатты және жеке секторларда ауыз сумен қамту желілерінде айтарлықтай проблемалар болды. Үй ішіндегі су желілері қатып қалып, 163 көпқабатты үйлер сусыз қалды. Жеке үйлерде де, коммерциялық нысандарда да осындай проблемалар көптеп байқалды.

Көпқабатты үйлерде ішкі инженерлік желілердің пайдалану жарамдылығына тұрғындардың өзі жауапты. Кондоминиум объектілері болып тіркелген үйлерде қызмет көрсетуші мен тұтынушылар арасындағы, су құбыры желілері бойынша теңгерімдік шекарасы - сол үйдің сыртқы қабырғасы екені қаперіңізде болсын.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары