русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 01.11.2023

Ақауларды жөндеу уақытты да алады, қаржыны да талап етеді

Қаладағы Тәукехан мен Ақпан батыр көшелерінің қиылысында жерасты құбыры тесіліп,  су аққан. Диаметрі 150 миллиметрлі шойын құбыр 1970 жылы салынған. Санитарлық нормалар мен талаптар бойынша мұндай магистральды құбырды пайдаланудың мерзімі 30 жылдан аспауы керек. Жалпы, қаладағы су құбыры желісінің басым бөлігі жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Мысалы, Еңбекші ауданындағы су жүйесінің мамандары жылына бірнеше рет асфальтталған жолды бұзып, түрлі апатты қалпына келтіруге мәжбүр.

Мұрат Оспанов-Еңбекші аудандық су арнасының бастығы

 ((Қазір біз мына асфальттың бетін алып, су құбырын жөндейміз. Негізгі пайдаланылуы 30 жыл, ал бұлар 53 жылдан бері ауыстырылмаған. Толық ауыстыру керек)).

 (Қазіргі салынып жатқан инвестицияның өзі жүйені толық жөндеуге жеткіліксіз. Жетіспейді)).

Мегаполистің әр аумағында болатын осындай ақауларды жөндеуге,  әдетте, "Су ресурстары маркетинг" ЖШС қызметкерлері бірден жұмылып, шұғыл түрде ретке келтіреді. Өз теңгерімінде болмаса да, желіні жөндейді. Оның барлығы кәсіпорын үшін қосымша шығын.

қала тұрғыны

 «Рас, Су арнасы ылғи келіп жөндеп береді. Мемлекет неге жәрдем бермейді? Ақшасын бөлсін».

Су құбыры желісін жөндеумен қатар, кәсіпорын мамандары қазылған асфальтты да төсеп берген жағдайлар аз емес. Шығынға батқанымен қоймай, көше жолын бұздыңдар деген тұрғындардың шағымын есітуге мәжбүр. Су мамандары қаражат тиісті деңгейде бөлінсе, қалалық су құбыры желісін  толығымен жаңартуға болар еді, дейді. Бір ғана Еңбекші ауданында су құбыры желілерінің ұзындығы 150 шақырымды құрайды  және оның тозығы жетіп тұр. Қорыта айтқанда, Мемлекет инженерлік желілерді жаңартуға, су шаруашылығы проблемаларына бет бұрмайынша, апаттар жиілеп, проблемалар көбейе береді. Сондықтан, жалпы жүйені жаңарту тиімдірек. Оған, сөзсіз, инвестиция құю керек.

 

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары