Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.11.2023
Кәріз желісі қоқыс
тастайтын алаң емес!
Әл-Фараби ауданына
қарасты Момышұлы көшесі №3 үй тұрғындары кәріз құбыры бітеліп қалғанын айтып
шағымданған. Өкінішке қарай, көп қабатты үйлерде мұндай жағдайлар жиі
кездеседі. "Су ресурстары маркетинг" ЖШС-нің қызметкерлері тұрмыстық
қалдықтарды кәріз желісіне тастауға болмайтынын қанша рет ескертсе де, құбырды
қоқыспен бітейтіндер азаймай тұр. Кәріз бөлімінің бригадасы бүгін тағы бір
құбырды тазалады. Аудандағы кәріз бөлімінің инженері Бақжан Бөрібековтың айтуынша,
қалада бір айда орта есеппен жиырмаға жуық шақырту осы кәріз желісінің
бітелуіне қатысты болады.
Тұрғанбек Бекнұр
Момышұлы көшесіндегі № 3 үй тұрғыны:
((Лотоктар
бітелгенде келіп тазалап берді. Рақмет))
стык
Нұрсұлтан Ізбасов
Әл-Фараби аудандық су арнасының шебері
((Заявка
бойынша келдік. Кәрізді тазалағанда ішінен памперс, тряпкалар шықты)).
«Су
ресурстары-маркетинг» ЖШС қала тұрғындарын кезекті рет қатаң ескертеді! Кәрізге
бәрін тастауға болады, құбырмен "ағып кетеді" деген ойдан аулақ
болыңыздар! Желіге , тіпті, майды да
ағызуға болмайды. Тамақ, құрылыс қалдықтарын, қағаз, памперстер мен басқа да
гигиеналық заттарды, сүлгілер мен сол сияқты материалдарды тастауға болмайды.
Бұл, ең алдымен өзіңіз үшін қауіпті. Үйіңіздің кәріз желісіне зиян, бітеліп
қалып, құбыр жарылуы да ғажап емес. Сондықтан, кәріз желісі қоқыс алаңы еместігін
қаперіңізден шығармаңыздар!
барлық дауыс: 5544
дауыс мұрағаты