Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 06.11.2023
ҚР Су және ирригация министрлігінде екі жаңа басқарма құрылады, деп хабарлады Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бір басқарма Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас мәселелерімен айналысатын болады, екіншісі ҚХР және РФ-мен өзара іс-қимылды бақылайды.
"Суармалы жерлердің 80 пайызы Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне тиесілі. Сондықтан Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажет. Мұндай функцияларды бөлу біздің шетелдік әріптестерімізбен өзара қарым - қатынасты нығайтуға және нақты міндеттерді шешуге көмектеседі", - деді министр Нұржан Нұржігітов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ташкентте Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының отырысында Сырдария және Амудария өзендерінің бассейндеріндегі су қоймалары каскады жұмысының болжамды режимі туралы хаттамаға қол қойып, су алу бойынша лимиттерді бекітті.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.3%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.6%
Жолым түскенде төлеймін
19.4%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.2%
барлық дауыс: 5224
дауыс мұрағаты