Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 07.11.2023
Виртуалды қоғамдық қабылдау
2023 жылғы 7 қараша
күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша
департаменті ұйымдастырған кезекті виртуалды қоғамдық қабылдау өтті. Коммуналды
қызмет түрлерін тұтынушылар Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі
аккаунты арқылы сұрақтарын қойды.
Виртуалды қоғамдық
қабылдауға коммуналды қызмет ұсынушы компаниялардың, қоғамдық және саяси
ұйымдардың өкілдері қатысты, іс-шараны департамент басшысы Көшекбаев Кенжеболат
Қуандықұлы жүргізді.
Кенжеболат
Қуандықұлы коммуналды қызмет көрсетуші мекеме өкілдеріне әлеуметтік желілер
арқылы ақпараттандыру жұмысын күшейту, түсіндірме және талдау жұмыстарын белсенді,
сапалы жүргізу қажеттігін ескертті. "СРМ" ЖШС-нің осы бағыттағы
жүйелі жұмысын атап өтті. Күн сайын Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде
қалалықтарды, мекеме, кәсіпорындарды сумен қамту және кәріз желілері бойынша
ақпарат таратылады. Кәсіпорынның 2023 жылға арналған инвестициялық
бағдарламасының орындалуы бойынша тұтынушыларды хабардар етеді. Су құбыры
желілерін жаңарту, кәріз желілерін қайта құру жұмыстары, сондай-ақ
коллекторларды жөндеу жұмыстары, желілердің күзгі-қысқы маусымға дайындығы
турасында материалдар беріледі.
Виртуалды қабылдау барысында
су және кәріз қызметі бойынша тұтынушылардан сауалдар түскен жоқ. Осы ретте,
тағы да естеріңізге саламыз: Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде
кәсіпорынның ашық аккаунттарына хабарласуға болады. Хабарламаны Whatsapp арқылы
да +77057581111 нөміріне жаза аласыз.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты