Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 07.11.2023
Астанада тағы да сумен жабдықтау бойынша мәселе туындады. Қала әкімдігі оның себебін түсіндірді.
"Судың өшуі негізінен қаланың оң жағалауында болды. Өйткені елордадағы барлық сорғы-сүзгі станциялары Алматы ауданында орналасқан. Электр қуатын шектеудің нәтижесінде сорғы жабдықтары да бірнеше сағат бойы істен шықты. Өз кезегінде сумен жабдықтауға әсер етті. Қазір барлық мәселе шешілді. Сумен жабдықтау реттелді",-деп мәлімедеді коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында елорда әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов. Өткен кеште Астананың оң жағалауының тұрғындары электр қуатынсыз, ыстық және суық сусыз қалған болатын.







