Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.11.2023
Желідегі ақаулар дер кезінде жөнделуде
Құлантау көшесінің
тұрғындары аудандық су арнасына су қысымы төмендеп кетті деп шағымданған. Кезекші
бригада келіп, диаметрі 50 миллиметрлі полиэтиленді су құбыры істен шыққаны
анықталды. 15 жыл бұрын салынған құбырдан су кеткен, сондықтан судың қысымы
төмендеген. Осы құбырдан 40 шақты жер үй
су алады. Апат болған жерде экскаваторды пайдалану мүмкін емес, себебі электр
кабелі де өткізілген. Сондықтан бригада қолмен қазуға мәжбүр болды. Осы
аудандағы "Магнолия" көшесінде жол жаңаланып жатыр. Ауыр техниканың дірілінен ескі құбырлар
жарылып кеткен. Бұл механикалық зақымның салдары,- дейді су қызметкерлері.
Мұхаметжан Ибраимов
Әл-Фараби аудандық су арнасының бас
инженері
((Апатты
жұмыстар, су ағу, винтильдердің сынуы – әртүрлі шақыруға көп шығамыз біз.
Күндіз-түні осылай халыққа қымет етіп жатырмыз)).
Айына орта есеппен
осындай 20-дан астам жағдайлар болады. Желілерде ескірген құбырлар ғана емес, винтиль,
бұрандалар да істен шығып жатады. Ол сапасына да байланысты, мысалы, қытайлық
материалдардың сапасы нашарлау келеді. Пайдалану мерзімі ұзаққа бармайды, ең
көбі бір-екі жыл, - дейді мамандар. Қазіргі уақытта су арнасының қызметкерлері
істен шыққан клапандарды жаңа темірден, итальяндық материалдарға ауыстыра
бастады. Бірақ, оның құны қымбат. Яғни, желіні жаңалау, қайта құруға
айтарлықтай қаражат қажет. "Су ресурстары маркетинг" ЖШС бұл бағытта
көп жұмысты өз қаражаты есебінен жүйелеп келеді. Алайда, Мемлекет тарапынан
қолдау болмайынша, инженерлік құрылымды жаңалау, тозығы жеткен су құбырларын
алмастыру өте өзекті мәселе күйінде қала бермек. Ол, ең алдымен тұрғындардың
денсаулығына зиян, қауіптілік тудырады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты