Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.11.2023
Техникалық қызмет көрсету сапасын арттыратын жүйе
"Су ресурстары
Маркетинг" ЖШС-не "Фронтстеп Орталық Азия" ЖШС директорлар
кеңесінің мүшесі Владимир Мусин арнайы келді. Кәсіпорын басшылығына, бөлім жетекшілеріне
жаңа жоба ұсынды, дәлірегі, басқару жүйесі әдістерімен таныстырды. "Фронтстеп
Орталық Азия" ЖШС-нің филиалы биыл Шымкентте де құрылған. Ол кәсіпорынның "Смарт
Маман"оқу орталығымен бірлесе жұмыс істейді. Компанияның бас кеңсесі
Мәскеуде орналасқан. Жалпы, нарықта 28 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Ресейлік
қонақ американың инженерлері ойластырған классикалық "ЭРПИ" жүйесін
ұсынып отыр.
Владимир Мусин
"Фронтстеп Орталық Азия" ЖШС директорлар кеңесінің мүшесі
((Ресейде дистрибуция орталығы құрылған, сондықтан
"Фронстеп Орталық Азия" осы шетелдік өнімді қазақстандық нарыққа
шығаруға құқылы. Жаңа шетелдік жүйе
бөлек өндіріс түрінің орта және ірі кәсіпорындары үшін өте ыңғайлы.
"Фронстоп" фирмасының қызметтерін ғарыштық скафандрлар мен
катапульттарды әзірлеушілер көптен бері пайдаланып келеді. Ресейдің көптеген
өндіріс орындарында бірнеше жыл бойы осы компанияның ақпараттық жүйесі сәтті
жұмыс істеуде. Сондай-ақ, "Фронстоп" ұсынатын жаңалықтарды ірі әскери
және азаматтық кемелер үшін дизельді қозғалтқыштар жасайтын өндірісте
пайдаланады)).
Владимир Мусин кәсіпорын
мамандарына ірі өндіріс орындарында қолдануға ауадай қажетті техникалық қызмет
көрсету және жөндеу жұмыстарын жеңілдететін жаңа әдістерді, тәсілдерді түсіндірді.
Айтуынша, жаңа бағдарлама компанияның жұмысын өте тиімді жүргізуге мүмкіндік
береді. Мұндай жүйелер Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанның барлық өңірлерінде
енгізілген, дейді мәскеулік қонақ.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты