Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 12.11.2023
Қоғам
қайраткері, эколог Тимур Елеусізов Tengrinews.kz тілшісіне экологиялық
проблемалар туралы сұқбатында осылай деді.
Оның айтуынша, тек Қазақстанның ғана емес, Орталық Азия
елдерінің алдында тұрған басты мәселе - су тапшылығы. "Бұл мәселенің
шешімі әлі жоқ. Оған мұздықтардың еруі де әсерін тигізіп отыр. Іле Алатауын
алайық: кей мәліметтерге сүйенсек, мұздықтардың
шамамен 40-50 пайызы еріген, теңізден пайда болған көлдер көп. Жақында
мұздықтарға барып та көрдім. Бұрын мұздықтарда орташа температура -13-14 градус
болатын, ал биылғы жылы кей күндері +26 градусқа жетті". Мұндай
температурада мұздықтардың еруі де жылдамырақ болады. Оңтүстік Қазақстан,
Алматы өңірі Сырдария, Амудария, Талас, Шу өзендеріне тәуелді. Бұл өзендердің
бастауы көрші елдердің аумағында. Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстандағы
сарапшылардың болжауынша, өзендер таязданып кеткен. Қазір Ауғанстан Амудариядан
су тартатын Қоштеп арнасын салып жатыр, Бұл Өзбекстан мен Қазақстанда
бұрынғыдан бектер су тапшылығын тудырады. Қырғызстандағы мұздықтардың еруінен
Қазақстанға су жіберу азая бермек. Бұл факт", - дейді Тимур Елеусізов.
Қорыта келгенде, су тапшылығының зардабы ауыр болатыны
анық,- дейді спикер. Суды белсенді пайдаланатын өнеркәсіп, кәсіпорындар да жағдайды
ушықтыра түсуде.
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты