русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 12.11.2023

Шымкенттегі  "Қажымұқан" орталық стадионының қызметкерлерінен  Мәделі қожа 1а мекенжайында кәріз желісі істен шыққаны туралы шағым түскен. Апат орнына келген Тұран ауданы су арнасының бригадасы бірден жұмысқа кірісті. Мұнда 400 мм-лі асбест құбырына  қатты қалдықтар тұрып, бітеліп қалған. Олар аз ғана уақыт ішінде желіні тазартып, қайта іске қосты. Құбырдан шүберек тер, жөргектер, темір құбырлар, тіпті үлкен тастар да алынды.

Наурызбек Сейтбеков  Тұран ауданы су арнасының шебері

Айына 3-4 рет осындай апаттар болады. Себебі осы

Слесарьлар аз уақыт ішінде жағдайды реттеді. Аудандық су арнасының мамандары «кәріз жүйесінің бұзылуы, сөзсіз, желіге қатты, зиянды қалдықтар тастағаннан туындайды», дейді. Тұтынушылар өз үйінде, пәтерінде немесе жұмыста – қай жерде болмасын, дәретханаға, кәріз желісіне қатты қалдықтар тастай салады, оның соңы немен аяқталатынына мән бермейді. Ол әрекеттің бүкіл қалаға, орталық кәріз желісіне, түптеп келгенде, адамдардың өз денсаулығына қауіп төндіретіні айдан анық. Тозығы жетіп тұрған кәріз желісі құбырлары зиянды қалдықтардан жарылып та кетуі мүмкін. Төтенше жағдай туындаса, жалпы желіні бақылау да қиын. Оның үстіне, қазіргі инженерлік инфрақұрылымды жаңарту мәселесіне барынша мән беріп, Мемлекет тарапынан қолдау  болмаса, мәселе күрделене бермек.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары